Стамбул қаласының Атакёй ауданында күшті қардың әсерінен мешіттің шатыры құлады. Бірнеше күн тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 130 см- ге дейін көтерілген. Қаланың әуежайларында мыңға жуық үшақ рейстері ұшуын тоқтатқан. Айта кетейік, шатыры құлаған мешітте жаназа рәсімі өтіп жатқан болатын. Қазіргі кезде мешітті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер