Ғаламтор бетінде бірер күн бұрын пайда болған мына бір сурет жұрттың зәресін алып, үрейін ұшырды. Құндақталған сәбиінің үстіне бес бірдей гранатаны іліп қойып, алаңсыз жатқан радикалдың суреті көптеген жанның ашу-ызасын да қоса тудырған.
Әлеуметтік желіні дүрліктірген сурет авторын іздестіруге дереу кіріскен Тунис елінің билігі көп кешіктірместен күдіктіні қолға түсірген. Баджа провинциясында тұратын азаматтың үстінен бұған дейін бірнеше қылмыстық іс қозғалған екен. Ал, 2012 жылдан бастап экстремистік бағыттағы дін ұстана бастаған.
Оның айтуынша, селфи суреті сол 2012 жылы түсірілген. Ал, сәбидің үстіндегі – ойыншық гранаталар.
muslim.kz
Пікірлер