Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Зардап шеккен Шахан тұрғындары көмекке зәру
04 қаңтар, 2017 жыл 268 Басып шығару нұсқасы
Қазір тұрғындардан келіп түскен барлық заттар, Теміртау орталық мешітінде қабылданып жатыр. Оған қоса Шахан кентінің әкімшілігі жанынан жедел желі жұмыс істеп тұр: 8 (72156) 3-24-17.

Қазіргі күні Шахан кентінде 1 қаңтар күні болған төтенше жағдайға байланысты жер-жерден гуманитарлық – материалдық көмектер көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі қара жамылған отбасы мүшелеріне 1 млннан, зардап шеккендерге 500 мың теңгеден қаржы бөлді. Сондай-ақ басына қиын іс түскен тұрғындарға Қазақстанның түкпір-түкпірінде жинау пунктері құрылып, еріктілер азық-түлік, киі кешек жинауда. Ал, бұл іске Қарағанды жамағаты да бей-жай қарай алмады. Қазір тұрғындардан келіп түскен барлық заттар, Теміртау орталық мешітінде қабылданып жатыр. Қайырымдылық шарасы алдымыздағы сенбіге дейін жалғаспақ. Оған қоса Шахан кентінің әкімшілігі жанынан жедел желі жұмыс істеп тұр: 8 (72156) 3-24-17.

Мұрат Жакупов - Шахан кентінің әкімі

"Бүгіннен бастап жерлеу рәсімін жүргізіп жатырмыз. Шахтинск және облыс әкімшілігі зардап шеккен отбасыларға көмектесіп жатырмыз. Қазір ол кісілерге керегі - материалдық көмек. Қазір азық-түлік күллісін жинап жатырмыз, комиссия да құрылды. Көмек көрсетемін дегендерге қарсылығымыз жоқ".

Еске сала кетейік, қаңтардың 1 күні түнгі сағат 22:40-та Қарағанды облысына қарасты Шахан кентінде көп қабатты үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам көз жұмды. Оның ішіндегі екеуі 1 жас шамасындағы нәрестелер. Ал апатты жағдайға жылу қазандығының жарылуы себеп болған. Салдарынан бір подъездің күл талқаны шығып, 9 адам көз жұмды. Оған қоса, 32 жастағы және кәмелеттік жасқа толмаған 2 қыз бала аурухана бөлімшесіне жеткізілді. Сол сәтте, бір подъезде 30-ға жуық тұрғын болған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары