Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл-Ақса мешітін зиярат ете келген туристердің 97-сі Ислам дінін қабылдады
04 қаңтар, 2017 жыл 359 Басып шығару нұсқасы

Шығыс Құдыста орналасқан мұсылмандардың үшінші қасиетті мекені әл-Ақса мешітіне жыл сайын дүниенің түрлі мемлекеттерінен жүз мыңдаған туристер ағылатынын білеміз. 2015-2016- жылдары зиярат ете келген туристердің 97-сі Ислам дінін қабылдаған. Бұлар Батыс елдерінің 17 мемлекетінен келген туристер екен. Бұл жайында Құдыс Жоғары Ислам алқасының төрағасы және Ақса мешітінің имамы Шейх Икрима Сабри мәлімдеді.

Мұсылман болғандардың көбі АҚШ, Франция, Германия, Англия және Финляндия азаматтары екеніне назар аударған Шейх Сабри: «Ислам діні әділеттілік және толеранттылық діні болғаны секілді барлық кітап иелері діндерін де қамтиды. Мұсылмандар да бөліп-жармастан барлық пайғамбарларға иман етеді. Мұсылман болғандар да өз еріктерімен Исламға кіруде. Өйткені, Аллаһ Тағала «Дінде зорлық жоқ» дейді», - деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары