Ауғанстанның астанасы Кабулда үлкен жарылыс болып бір адам мерт болды. Қолдан әдейі ұйымастырылған қастандық Фаруки Бехишти атты парламент мүшесіне жасалған. TOLO News телеарнасының хабарлауынша жарылғыш затты қызметкердің көлігіне әдейілеп жасырып қойған. Салдарынан мемлекет қызметкерінің жеке оққағары оқиға орнында көз жұмды.
Пікірлер