Үндістан мемлекетінің Керала штатындағы шіркеу қызметкері Шибу Йоханнан өздерінің Рождество мейрамы қарсаңында көп адамнның қолынан келе бермейтін қадамға барып отыр.+
39 жастағы Шибу Үндістан донорларының федерациясына тіркеліп, бір бүйрегін науқас жанға беруге бел байлаған. Бір қызығы, Шибудың бүйрегі дәл сол Керала штатында тұратын мұсылман әйеліне дөп келетін болып шыққан.
29 жастағы Хайруннисаның бүйрегі сыр бере бастағанына үш жылдай уақыт болған екен. Ал, соңғы жарты жыл ішінде диализбен күнелткен көрінеді.
Кеше үнді дәрігерлері сәтті ота жасап, Йоханнанның бүйрегін Хайруннисаға ауыстырып салып берді.
Пікірлер