Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам үмбетін бөлуді көздеген медиаға тосқауыл болатын кез келді
22 желтоқсан, 2016 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Кеше Сауд Арабиясының Жидда қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен 11-ші Ислам ақпарат министрлері конференциясы өтті. Жиында Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулуш исламофобияға қарсы Ислам ынтымақтастық ұйымының жаңа бір ақпараттық стратегиясын қабылдауды ұсынды.

«Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жүзеге асырылған Sykes-Picot келісімі арқылы Ислам үмбеттерінің арасын қолдан шекаралар сызып, бөліп тастады. Ал бүгінгі таңда екінші бір Sykes-Picot келісімі арқылы Ислам үмбетінің көңілдері мен пікірлерін бөлуді көздеп отыр. Бүгінгі күні Ислам әлемі ақпарат және медиа тұрғысынан ориенталистік және исламофобиялық бір жаһандық медианың басқыншылығына тап болуда. Осы себептен де Ислам ынтымақтастық ұйымының жаңа медиа стратегияларын дамыту, ақпараттық жоғары технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып әрекет ету механизмдерін құру және оны іске асыру мәселесі тұрғысынан бұл жиын өте маңызды. Дәстүрлі медиа, жаңа және әлеуметтік медиа салаларын ықпалды түрде қолдану мақсатында жаңа бір стратегия, жаңа бір шеңбер сызылуы тиіс. Сол үшін Ислам үмбетінің алдынан шыққан ақиқаттарды шынайы түрде жеткізетін ортақ стратегиялар белгіленуі тиіс. Осы мақсат аясында ортақ саяси, әлеуметтік және мәдени көзқарастарымыз жарияланып, Исламның ақиқат жүзі танытылуы керек. Осыған байланысты бұл жиынымыздың атауы болған «Терроризм және Исламофобиямен күресте жаңа медианың рөлі» тақырыбы барынша өзекті», – деді Нуман Куртулуш.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары