Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінің бас имамы елбасының медалімен наградталды
18 желтоқсан, 2016 жыл 516 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміздің бүгінгі күні өркендеп, елімізде кеңінен құлаш жайып келе жатқаны қуантарлық жәйт. Ел еңсесі тіктеліп, тәуелсіздігімізді алғалы мемлекетімізде  Ислам дінінің дамуына күш салып, жастарды ізгілікке шақырған азаматтар көбейды.  Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2016 жылғы 29 қарашада бекіткен жарлығы бойынша ерең еңбегімен халыққа қызмет еткен азаматтарға медаль табыстады.

«Балақажы» мешітінің бас имамы Нұров Назар-Махмұд Нұрұлының қасиетті діни шахарда қызмет етіп келгеніне  биыл 25 жыл толып отыр. Осынша жыл асыл дінімізді халыққа насихаттап, өнегелі қызмет атқарған  ел ағасының еңбегі ескеріліп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25  жыл» мерекелік медалімен наградталды. Елбасының арнайы сыйлығын Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков табыстады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары