Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлемдегі әрбір төртінші бала тауқымет тартып отыр
13 желтоқсан, 2016 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі таңда 535 миллион бала, яғни, әлемдегі әрбір төртінші бала таршылық пен жоқшылықта өмір сүріп жатыр. Дәлірегі, олар білім алу, медициналық қызмет секілді игіліктерді былай қойғанда тойып тамақ ішпейді. Бұған қоса, олардың өмірі мен денсаулығына да қатер төніп тұр: кедейлік, дағдарыс, әскери жанжал, теңсіздік және кемсітушілік, т.б. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлім етті. Әлемдегі бір жарм миллиард балалардың 50 миллионы туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған. «Үйсіз-күйсіз қаңғып қалған балалардың төрттен үші Африка құрлығында, дәлірегі, Сахараның оңтүстігінде өмір сүруде. Бұл өңірде 393 миллион бала бар, олардың бәрі дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Одан кейін Таяу Шығыс пен Африка солтүстігінде мүндай балалардың 12 пайызы бар»,- деп айтылған аталған ұйым дерегінде. 

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары