Ғаламтордағы суретімен халықтың назарын өзіне аударған Сауд Арабиясының тұрғыны үлкен сыйлыққа ие болды. Назер аль-Ислам Абдул Карим көше сыпырып, қоқыс жинайтын қарапайым қызметкер. Оның қымбат дүкеннен әйелдерге арналған қымбат әшекейлер мен ұялы телефондарды қарап тұрғанына таңқалған интернет тұтынушысы суретін ғаламторға жариялаған. Онымен қоймай, суреттің астына «ол тек қоқысқа қарауға лайықты»,- деп жазғаны тағы бар.
Ғаламторда белсенді тарап үлгерген суреттен тұрғындар дүкеннің орналасқан жерін анықтап,өзара қаражат жинап, Абдул Каримге алтын әшекей мен екі ұялы телефон тарту еткен.
Пікірлер