Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

1400 жылы салынған мешіт жайлы білесіз бе? (фото)
02 желтоқсан, 2016 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Бұл тарихи мұра осыдан тура жеті ғасыр бұрын салынған. 1400 жылдары Батыс Африкадағы Гана елінде салынған мешіт әлі күнге дейін мұсылмандардың игілігіне жарап келеді. 

Ғажайып мешітті фотосуретке, видеоға түсіруге тыйым салынған екен. Журналистер мешіт имамына Алла үйінің тарихы жайлы жазып, оны халыққа жеткізу үшін фотолардың керек болатынын түсіндіргеннен кейін ғана рұқсат етті.

Жергілікті тұрғындардан сырт бұл мешіт жайлы өзге жұрт бірінші рет көріп тұр. Әлем жұртшылығына ұсынылған фотосуреттер мешіттің алғашы суреттері болмақ.

Ларабагана мешіті 1400 жылдардың басында осы өлкеге Шейх әл-Мәдина әл-Мунаууара жіберген Ибрагим Аюба әл-Ансари жағынан тұрғызылған.

Бұл мешітке кірер кішкентай есік. Қарамен боялған тұсы оның келу қайнарын білдіріп тұрады дейді мешіттегілер.

Мешіт ішінің ауасы даланың ыстық болуына қарамастан үнемі салқын температураны ұстап тұрады. Мешіт төбесін тіреп тұрған қара ағаштар жақын маңдағы орманнан әкелінген. Ағаштар қазір металл сияқты қатып қалған.

Мешітте апта сайын жұма намазы оқылады. Жұмада мешіт ішіне симаған жүздеген адамдар сырт жаққа сапқа тұрады. 

Мешіт негізін қалаушы Аюба әл-Ансари осы алып ағаштың маңына жерленген. Ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ анасымен рулас дейді жергілікті адамдар.

Әр жыл сайын осы 500 жылық тарихы бар ағаштың жемістері пісіп, жапырақтары жерге түсе бастаған кезде бұл жердегі әр рудың адамдарына үлестіріліп, үлкен тойға ұласады. Бұл ағаш осындағы халықтың береке-бірлігінің, бейбітшілігі мен бауырластығының белгісі сияқтанып тұрады.

Әр жылы жаңбырлы маусымнан кейін жергілікті халық жиналып мешіттің сыртын сылап, жаңартып шығады. Мешіт қабырғасында тұрған ағаш бұтақтары осындай жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың әрбір бөлігін, деңгейін көрсетіп тұратын белгі ретінде пайдаланылады.

Ларабага мешітінің имамы Осман Сүлеймен. 

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары