Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АЗАНҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАЙТА ҚАРАЛАТЫН БОЛДЫ
02 желтоқсан, 2016 жыл 228 Басып шығару нұсқасы

Израиль билігінің жақында ғана «азаншылар жайлы» заңға енгізген бірқатар шектеулері әлем мұсылмандарының наразылығын тудырып, соңы үлкен дау-дамайға ұласқаны белгілі. Осыған орай, Израиль парламенті аталмыш заң жобасын тағы бір талқыға салып, сүзгіден өткізбек.

«Азаншылар жайлы» заңға енгізілген аталмыш шектеулерге қатысты Израиль мемлекетінің Денсаулық сақтау министрі Яаков Лицман қарсылық білдірген болатын. Ол өз сөзінде аталмыш шектеулердің иудейлерге қатысты орын алуы мүмкіндігін ескерткен еді. Сондай-ақ, ол иудей халқының дауыс зорайтқыштар мен түрлі музыкалық аспаптарды баяғыдан қолданып келе жатқанын алға тартқан-ды.

Енді жаңа заң жобасы бойынша азан дауысына 23.00 мен 07.00 аралығында ғана шектеу қойылатын болмақ. Дегенмен, жаңартылған заң жобасы келесі аптада өтетін кнессет отырысы мақұлдаса ғана күшіне енетін болады.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары