Түркияның Денизли елдімекеніндегі Гөчлүк махаллесі мешітінің мұнарасын бір түлкі паналап алған. Жамағат мұны мешіттің азан үні шығатын колонкалардан дауыс шықпай қалуынан кейін ғана білген. Түлкі мұнараны «үйшік» қылып алып, колонкаға баратын сымдарды үзіп тастаған көрінеді. Электр жүйесіндегі ақауды табу үшін келген мамандар мұнарадағы түлкіні сол кезде ғана көрген.
Құтқару қызметінің мамандары түлкіні ұстап, орманға жіберіп, мешіттің электр сымдарын қалпына келтірді.
Пікірлер