Түркияның Ризе қаласында Құран-хафиздерінің шеруі өтті. Құранды толық жаттап шыққан 524 хафиз өздерінің жетістіктерін осылай атап өтсе керек. Әрине, Түркия мемлекеті үшін бұл үлкен жетістік. Естеріңізге сала кетсек, бұдан біраз уақыт бұрын Түркия мемлекетінде діни білім алу қиынға соққан болатын. Білім алғанның өзінде қатаң бақылауда ұстап, мемлекетте Ислам дінінің дамуына мүмкіндік болмады. Әйелдерінің әуретін жапқан ер адамдардың әскери қызмет пен мемлекеттік жұмыстарды атқаруға мүмкіндігі болмады. Кейіннен жүргізіліп жатқан «Әділет және Даму» партиясының арқасында мемлекет өзінің ата-дәстүр дінімен қайта қауышты.
Пікірлер