Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

МҰСЫЛМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СМАРТФОН ШЫҚТЫ 
14 қараша, 2016 жыл 657 Басып шығару нұсқасы

Мәскеуде мұсылмандарға арналған арнайы BQ -5071 Belief маркалы смартфонының презентациясы өтті. Оның ең бір ерекшелігі қай жерде тұрсаң, сол жердің намаз уақытын дәлме-дәл тауып беретіндігінде. Сондай-ақ құлшылық уақыты келгенде қоңыраулатып, белгі береді. Одан өзге смартфон қожайынына жақын маңдағы мешіттер мен халал мейрамханаларды да табуға көмекші құрал. Ал қасиетт Құран мұнда қара сөзбен де, аудио форматта да жазылған. Сонымен қатар Құранды Email, Facebook немесе Twitter сынды әлеуметтік желілерден бөлісе аласыз. Бұл смартфон мұсылмандарға арналғандықтан сыртқы дизайны да соған сай. Ұялы телефооның артқы жағы арабша стильде сәнделіп, экран бетіне исламға қатысты әр түрлі суреттер қойылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары