Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АЙЯ-СОФИЯҒА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
02 қараша, 2016 жыл 350 Басып шығару нұсқасы

Ұзақ жылдардан бері алғаш рет Стамбулдағы Айя-София музей-мешітіне бас имам тағайындалды.

Түркия Дін істері басқармасының шешімімен бекітілген жаңа имам Ондер Сой жуырда ғана музей-мешітте ашылған «Хюнкар Касры» аталатын құлшылық жасайтын бөлігінде қызмет етеді.

Haber7 телеарнасының хабарлауынша, мешітте имам пайда болысымен келушілер саны да артқан. Енді «Хюнкар Касрыға» күнделікті намазға 100-ге жуық адам келеді, ал жұма күні олардың қатары 300-ге жуықтайды. Бұдан бөлек, Айя Софияға қызығушылық танытушы туристер де көп.

Айта кетсек, Айя София VI ғасырда Византия императоры Юстиниан билігі тұсында (537-жыл) христиандық ғибадатхана ретінде құрылып, кейіннен 1453-жылы Константинополь сұлтаны Мехмет уақытында мешітке айналады. Сол уақыттан бері мұнда азан айтылып, намаз оқылып келген.

1935-жылдан бастап Айя София музей ретінде есігін қайта ашты.

ummet.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары