Түркияның Диярбакыр қаласында тұратын Шахи Тайюрак есімді ғасыр жасаған мұсылман әжей 450 шөбере тәрбиелеп отыр.
Үш рет үйленген Шахи Тайюрактың көзі тірі 7 баласы бар, үлкені 96 жаста. Ол өзінің нақты қанша жасқа келгенін білмейді. Үлкен ұлы Шахи Джемаль Тюйрак анасының жасы 130-ға келген болуы мүмкін дейді.
Қарт әженің құжаттағы жасының нақты белгілі болмауы хижра жыл санауының григориан күнтізбесіне ауысып кетуімен түсіндірілді. Ол жеке бас құжатын 1919 жылы 1 шілде күні алған, ал, сол кездің өзінде әжей 7 баланың анасы болып үлгерген. Кезекті қызының туған күні оның құжатында 06.01.1926 деп көрсетілген.
Әжей өзін өте жақсы сезінеді екен және ақыл-есі де, есте ұстау қабілеті де тамаша дейді туысқандары. Қарт ана өзінің ұзақ өмір сүрудегі құпияларының бірі ретіне қуатты және мол таңғы асты ішу екенін айтты.
Muftyat.kz
Пікірлер