Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТИМАТИ «ХАЛАЛДЫ» ЖАҚСЫ БІЛЕТІН БОЛЫП ШЫҚТЫ
26 қазан, 2016 жыл 330 Басып шығару нұсқасы

Танымал репэр Тимати жақында ғана ашқан мейрамханасында жуық арада халал тамақ берілетінін айтты. Енді әншінің тез әзірленетін «Black Star Burgers» мейрамханасынан мұсылмандар үшін алаңдамай ас ішуге мүмкіндік туады. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Мұнымен қоса Тимати халал өнімнің қандай болу керектігін де білетін болып шықты.  «Біздің мейрамханада ешқашан шошқа еті болған емес, болмайды да, бірақ бұл «халал» деген сөз емес. «Халал» ол – «рұқсат етілген» болуы тиіс. Осыған орай малды шариғатқа сай сою қажет. Сондай-ақ қасапшы «Бисмилләхи Аллаһу Акбар» деп айтуы шарт», – деп ағынан ақтарылды әнші. Ол халал етпен бургерлерді жасап көргендерін де айтты. Бірақ көңілден шығатындай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз дейді. Алайда қолды бір сілтеп қоя салмаймыз, жоғары деңгейде әзірлеген кезде «халал» белгісі бар тағамдарды ұсынатын боламыз, -  деді ол. Ал әзірге Тиматидің мейрамханасындағы хот-догтарды жей беруге болады. Себебі ол «Халал» өнімдерді стандартизациялау мен сертификациялау орталығы рұқсат еткен еттен жасалған. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары