Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
20 қазан, 2016 жыл 585 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Қарты бар –үй қазына» атты қарттарға арналған қайырымдылық шараны ұйымдастыру туралы бастамасымен қолға алынған игі іс Қарағанды өңірінде жалғасын тапты. Қарағанды облыстық орталық мешіті «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Нұржігіт Оразалыұлы мен ҚМДБ Зекет Корпоративтік Қорының өкілі Жұматаев Еркебай бірлесе отырып, Қарағанды қаржы колледжінде қарттар күнінің құрметіне орай қайырымдылық кеш ұйымдастырды. Игі шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерімізді төл мейрамдарымен құттықтады. Өмірзақ қажы Қазкенұлы: «Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Біз қарияларымызды тек осындай мерекелерде ғана елеп-ескермей, әр уақытта көңілдерін тауып, қуантып, батасын алып жүруіміз керек. Себебі «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген қазақ халқында қарттарын қазынасына балап қастерлегені белгілі»,-деп, өмірдің әр қилы жағдайларымен жалғыз қалған қарияларға  жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Кеш соңында ата-әжелерге сыйлықтар табысталды. Әрбір қария біздің атамыз, шашына ақ түскен әрбір қарт ана біздің әжеміз, сондықтан да «үлкенге құрмет» деген қағиданы ұстанған мешіт ұжымы апа-аталарымыздың көңілі бөлініп, қуанып қалсын деген ниетпен жыл сайын «қарттар үйіне» баруды борышына балаған. Рухани кештен жақсы әсер алып, қуанып қалған қариялар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары