Судан үкімет басшысы Омар әл-Бәшир Ұлттық диалог құрылтайында бұдан былай Суданда рушылдыққа жол берілмейтінін мәлімдеді.
Бәшир Судан астанасы Хартумда әл-Хадра майданында жиналған халыққа ұсыныс қарарын тастап: «Бүгіннен бастап азаматтықтарыңды сұрағандарға «судандықпын» деңдер! Бұдай былай рушылдық, бөлінушілік деген болмайды. Жаңа Суданда рушылдыққа жол жоқ», - деді.
Бұл ұсынысты қолдауға шақырған ол қолдамайтындарды «халық жауы» санайтындығын тілген тиек етті. «Бейбіт түрде келгендерде қош келдің дейміз. Ал келмегендерге, қайда болса, сонда болсын, оларға біз жетеміз», - деп ескертті ол.
Суданның 1956 жылдан бергі ішкі соғыстары осы жеке куәлік мәселесіне байланысты екені айтылады. Үкімет басшысының бұл ұсынысынан кейін жеке куәліктерден «рулары» алынып тасталмақшы.
Пікірлер