Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ШОПА  АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
11 қазан, 2016 жыл 440 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы тағы бір жаңа мешітпен толықты. Қазан айының 9 жұлдызында облысымызға қарасты Шет ауданы Шопа ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей, Қарағанды қалалық №1 мешіттің бас имамы Орманбет Құнанбаев, қалалық №1 мешіттің наиб имамы Сандибаев Олжас, және көрші ауылдардан имамдар келіп қатысты.

Өмірзақ қажы Бекқожа ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгілік пен қайырымдылықтың ғасырлар бойы өшпейтінін айта келе, игі іске ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Қарағанды өңіріндегі мешіттердің көбейіп келе жатқандығы алдымен мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатса, екіншіден,бейбіт елімізде Ислам дінінің өркен жайып келе жатқандығының көрінісі екенін жеткізді. Жиында өкіл имам мешіт салу ісінде өзгеге үлгі көрсеткен, жаңа мешіттің бой көтеруіне ұйытқы болған «Хазрет Әли» мешітінің бас имамы Жағыпаров Берік Нұрфазылұлына ерекше алғыс білдірді.

Ауыл аса үлкен болмаса да, 100-150 адамға арналған жаңа мешіттің іші замануи талапқа сай салынған, әйелдер мен ерлер залы, имамға арналған бөлмесі бар.

Шопа ауылын қуанышқа бөлеген ізгі шарада мешіт ауласына алты қанат ақ ордалы киіз үйлер тігіліп, ақ жаулықты әжелердің қуанышқа арналған шашуы шашылды.

Жаңа нысанның лентасын Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қиып, имандылық ордасының іші мұсылман жамағатына толуына тілек білдіріп, Алланың үйіне алғашқы діни кітаптарын табыстады. Жиын соңында ауыл адамдарына ас беріліп, спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, ел-жұрт мәре-сәре болды.

 

                     

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары