Дубайда нәзікжандылар мен балалар ғана емделе алатын аурухана ашылды. Medcare Women and Children Hospital деп аталатын клиниканың дәрігерлері де тек әйелдер. Емделу орталығы бір уақытта 100-ге жуық науқасты қабылдай алады. Бұл жерде акушерлік, гинекологиядан бөлек гастроэнтерология, педиатрия, стоматология, хирургия және дермотолог дәрігерлер қызмет көрсетеді. Жуық арада бұл жерде сән салоны, спа ашылатын болады деп күтілуде. Сондай-ақ бассейнге түсіп, йогамен айналысуға да мүмкіндік бар. Емделу бағасы тәулігіне 365 долларды құрайды.
Пікірлер