Амман корольдік стратегиялық зерттеу ислам орталығы кезекті The Muslim 500-2017 мұсылман әлемінің 500 ең ықпалды тұғалары тізімін жариялады. Аталмыш рейтинг 2009 жылдан бастап жыл сайын жүргізіліп келеді. Рейтінгтің көш басында Египет шейхы, мүфти Ахмад Мұхаммед әл-Тайиб тұр. Екінші орында Иордания королі Абдалла ибн әл-Хусейн бар. Сонымен қатар, әлемнің ең ықпалды мұсылмандары қатарын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров, сондай-ақ, Өзбекстан мүфтиі Усман Алимов толықтырады.
Muftyat.kz
Пікірлер