Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕГІ ТҮРМЕЛЕРДЕ ДІНИ ӘДЕБИЕТ ҚАЛҒАН ЖОҚ - ДІН ІСТЕРІ МИНИСТРЛІГІ
03 қазан, 2016 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы түрмелердің бәрінен радикалды діни әдебиеттер тәркіленіп алынған. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазып отыр.

Министрлікке қарасты Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, 2014 жылдан бері Қазақстан түрмелерінде дәстүрлі емес діни ағымдардың залалы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді екен. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін "Ақниет" республикалық оңалту орталығы да ашылған. Оның Жезқазған, Алматы және Ақтау қалаларында филиалдары бар. Аталған үш қала еліміздегі салафизм ұстанушыларының ең көп шоғырланған орындары екенін де айта кету керек.

"Мұндай орталықтардың негізгі мақсаты - діни экстремизм, терроризм үшін сотталған жандармен жұмы жүргізу. Осы жылдар аралығында ҚАЖК жүйесінде біраз оң өзгерістер жасай алдық. Атап айтқанда, біз түрмелерге мүфтияттың имамдарын бекіттік. олар аптасына кемі бір рет түзеу мекемелеріне барып, уағыз жүргізеді", - дейді Ғ.Шойкин.

Оның айтуынша, түрмелердегі барлық кітапханалар түгел зерттеліп, теріс діни бағыттағы кітаптардың бәрі тәркіленіп алынған.

"Біз қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелердің кітапханаларының бәріне діни экспертиза жүргіздік. Біздің заңдарға қайшы келетін, күдік тудырған барлық діни әдебиеттерден тазаладық", - деп атап өтті комитет төрағасы.

Ал, "Ақниет" оңалту орталығының жұмысынан кейін экстремистік көзқарастағы 300-ден астам адам өз райынан қайтып, қайта тура жолға түскен көрінеді.

sn.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары