Алматыда тұңғыш рет мұсылман әйелдерге арналған киім шығарушылардың «Sisters Bazaar 2016» атты фестивалі өтті. Мұндағы мақсат мұсылман қыз-келіншектерге арналған киімдердің брендін қалыптастыру және оны тек мұсылманша киінетін ортада ғана емес, сауда нарығына кең көлемде шығаруды жоспарламақ. Фестивальді ұйымдастыраушылар апалы-сіңлі Зейли Калкулова мен Айгүл Зайнуллина. Сондай-ақ, мұнда мұсылманша ким тігіп жүрген барлық дизайнерлер ат салысты. Отандық дизайнерлерден бөлек, Ресей, Қырғызстан, Шешенстан, Өзбекстан елдерінен де қонақтар келді. 30-ға жуық танымал брендтер де өз тауарларын фестивальде халыққа ұсынды. Қарағанды қаласынан Күнзира Каримова есімді дизайнер өз киімдерінің топтамаларын көрсетіп қайтты.
Пікірлер