Татарстан Республикасының АХАЖ бөлімінде ерекше қызмет түрі көрсетілетін болады. Арнайы топ ерлі-зайыптылар үшін психолгиялық көмек көрсетуге дайын. Тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына хабарласып отбасындағы қиындықтарға төзбей ажырасуға бел байлаған жандарға, некені сақтап қалудың жолдарын айтып, ақыл-кеңес береді. Жаңа қызметтің мақсаты – бүгінгі таңда белең алған ажырасу мәселесін азайтып, отбасы деген кішкене мемлекеттің іргесін бекемдеу. «Отбасында қандай қиындықтар болмасын, әрқашан бұрынғы кіршіксіз қарым-қатынасты сақтап қалудың жолы әрдайым табылады», – дейді АХАЖ қызметкерлері.
Пікірлер