Калининград тасжолдарының бірінде мысықты құтқарған ер адам әлеуметтік желіні жарды. Ағылып жатқан автокөліктердің астында қалған кішкентай ғана мысық марғауының қорғансыз түрін байқамай өту мүмкін емес еді. Қатты келе жатқан көліктердің бірінен сытылып түскен мысыққа көпке дейін ешкім назар салмады. Тек бірер уақыттан кейін ғана, Денис Дегтяров есімді азамат көлігін бірден тоқтатып, мысықты өзімен алып кетті. Дәл осы әрекеті үшін желінің қаһарманына айналып үлгерген Денис қазір Калининград қаласында тұрғанымен, Қарағандының тумасы болып шықты. Мысықты құтқарып қалған ол өзінен бұрын балаларының қатты қобалжып, тоқтауын талап еткенін айтты.
Пікірлер