Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2016» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
15 қыркүйек, 2016 жыл 537 Басып шығару нұсқасы

Құрбан айттың үшінші күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Жігіт сұлтаны-2016" облыстық байқауы Үштөбе мешітінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Байқауға ҚарМТУ, Болашақ университеттерінің студенттері, Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай аудандарының жастары, Сұрыптау кенті, Қарағанды қаласы, Үштөбе ауылының жастары қатысты. Сан қырлы өнерлерімен танылған өрендерге облыс имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы Мирас Құттыбай, Бұқар жырау ауданы имамы Аманбол Мукаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Жұмағұлов, еркін күрестен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Серікбай Нұрмағамбетов, ұлттық дәрежедегі төреші Кырыкбай Мускунов төрелік етті. 
Бас жүлдеге ие болып, "Жігіт сұлтаны" атану Абай ауданынан келген Абылай Кариновқа бұйырса, ақтоғайлық Кайрат Иманбеков 2- ші орын алып, "Жігіттің сырттаны" атанды. 3- ші орынды "Жігіттің сұңқары" атағымен жаңаарқалық Ернат Бейсенбин иемденді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Бас жүлдеге 50 мың теңге, 2- ші орынға 30 мың, 3- ші орынға 20 мың, сондай-ақ, екі ынталандыру сыйлығы 10 мың теңгеден берілді. Ақын Дидар Қамиев жырдан шашу шашса, әншілер кешті әнмен көмкерді. Кештің көркін келтірген жүргізуші Арқаның айтулы ақыны Тілеген Әділов болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары