Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РАМЗАН КАДЫРОВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БҮЛДІРШІННЕН КӨМЕГІН АЯМАДЫ(ФОТО)
14 қыркүйек, 2016 жыл 345 Басып шығару нұсқасы

Шешен Республикасының елбасы Рамзан Кадыров байқоңырлық 7 жасар Элиф Нұржанованың отасына 10 500 доллар қаражат жіберді. Бұл туралы кішкентай қыздың анасы Айнұр Нұржанова  Tengrinews.kz редакциясына хабарласып айтқан.

Кадыров pomogite_elif Instagram парақшасына өзі жазып, көмектесемін деп уәде берді дейді Элифтің анасы. Сөзінде тұрған елбасы бірден есеп шотқа ақша жіберіп, Элиф пен оның отбасын бір қуантты.

"Бұл нағыз бақыт, менің сөзім жоқ. Құрметті @kadyrov_95 сізге көп рақмет, ана ретінде алғыс айтамын. Қуаныштан көзіме жас алып отырмын. Құрметті достар, осы күнге дейін есепшотқа көп қаражат аударылды. Әрқайсысыңызға рақмет айтамын. Мейрамнан соң нақты қанша сома түскенін айтамын. 1 қазанда тексерістен өтеміз. Әлхамдулиллах, біздің есепшот жабылды", - деп жазды Айнұр өзінің парақшасында.

Айта кетейік, қыздың анасы қаражатты әлеуметтік желілер арқылы жинаған. 9 қыркүйекте Түркияда қыздың омыртқасына ота жасалды. Дәрігерлер оның ішкі органдарына қысым түспес үшін барын жасады.

 

tengrinews.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары