Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚЫТАЙ ХАЛҚЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕСЕКТЕРІНЕ КӨЗ СҮЗІП ОТЫР
08 қыркүйек, 2016 жыл 558 Басып шығару нұсқасы

Қытайға әлі ет экспортын ұйымдастырып бітпеген Ауыл шаруашылығы министрлігі, көршілерге есек еті мен терісін де тасымалдаймыз деп отыр. Айтуларынша, Қытай елі қазір есектің етіне аса қызығып отырған көрінеді. Ет тасымалы негізінен Қытайдың батысына, яғни мұсылмандар: қазақ пен ұйғыр, дүнгендер шоғырланған жеріне жіберілсе, есек еті мен терісі орталық Қытайға дейін бармақ. "Қазір Қытай тарапынан есектің еті мен терісіне сұраныс артып отыр. Осыны ескеріп Қазақстанның оңтүстік аймақтарында арнайы шаруашылықтар ашпақпыз. Ол жерлерде арнайы Қытайға экспортталатын есектер өсіріледі", - дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары