Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚАЖЫЛАР ҰЛЫҚ САПАРҒА АТТАНДЫ(ФОТО)
31 тамыз, 2016 жыл 468 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қаласының теміржол бекетінен қажылық сапарға аттанғалы тұрған қажыларды шығарып салу шарасына облысымыздың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып, дұға-тілектерін айтты. Қажылыққа жіберу маусымы басталғалы еліміздің түкпір-түкпірінен қасиетті мекен Меккеге барып, қажылық парызын өтеймін деушілердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Биылғы жылы қажылардың Астана, Алматы, Шымкент  қалаларынан Медине қаласына тікелей әуе рейстері арқылы ұшуға мүмкіндіктері бар. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы қасиетті сапар алдында қажылық жайлы уағыз айтып, Алла Тағала қажылықтарыңызды қабыл қылғай деп батасын берді. Исламның 5 парызының бірін орындауға аттанғалы тұрған жерлестерімізге «Mina tour» туристік компаниясы қызмет көрсетіп отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары