Полиция қызметінде істейтін канадалық мұсылман қыздар енді жұмыс орнында орамал тағып жүре алады. Канададағы Корольдік жандармерияның шешімімен мұсылмандықты қабылдаған нәзік жандыларға қызметтерінде орамал тағып, жабық жүруге рұқсат етілді. Сондай-ақ, әйел адамдар үшін орамал қызметтік форманың бір бөлігі ретінде қабылданды. Орамал тағудың үш түрі сарапқа салынып, соның ішінде күнделікті қызметке қолайлы әрі жабық түрі таңдалынған.
Пікірлер