Кеше Израильдің соғыс ұшақтары Газаға әуеден шабуыл жасады. Бұл жайында Анадолу ақпарат агенттігі хабарлады.
Куәгерлерден алынған ақпараттарға сүйенсек, Израильге тиесілі соғыс ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Бәйт Ханун аймағының жерлерін бомбалаған. Бұл жерлерге 15-тен көп ракета атылып, маңайдағы ғимараттарға зардабын тигізген.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әшраф әл-Құдраның айтуынша, бомбалаудың нәтижесінде бір жас жігіт аяғынан жараланған, 3 бала қатты шошынған.
Израиль әскерінен кеше түс ауа жасалынған мәлімдемеде Газадан атылған бір ракетаның Израильдің Сидерот қаласының ашық бір алаңына түскенін, нәтижесінде өлген не жараланған ешкімнің болмағаны айтылды. Израиль әскері бұдан кейін де Газа секторының шекарасындағы кейбір аймақтарда орналасқан нысаналарды бомбалаған.
Израильдің мәлімдемесінде айтылған ракеталық шабуылды Палестинадағы топтардан мойнына алған болмады.
Пікірлер