Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«МҰСЫЛМАНҒА ҚАН БЕРМЕЙМІН» ДЕГЕН НӘСІЛШІЛ ТЕПКІНІҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
19 тамыз, 2016 жыл 194 Басып шығару нұсқасы

Белгияда Қызыл крест ұйымы қан тапсыру кампаниясын бастаған болатын. Алайды арты әлеуметтік желіде дауға айналды. Анверс қаласы твиттердегі парақшасында «Кім үшін қан тапсыра аламыз?» деген тақырыппен қан топтарының сәйкестігіне қатысты таблица жариялаған еді. Әр нәрседен ілік іздеген нәсілшілдер мұсылмандарға қарсы жеккөрініштерін бұл жазбаға да пікір жазу арқылы білдіріп қалып жатты. Соның ішінде Марион Деккер есімді азамат «Қан тапсырайын деп едім, бірақ мұсылмандарға емес. Қанымның мұсылмандарға құйылып кетпеуіне қандай кепілдік бере аласыздар?» деген жазу тастап, наразылық пен тепкінің астына қалды. Бұған қарсылық ретінде бір қолданушы «Қан тапсырайын деп едімм, бірақ нәсілшілдерге емес. Қанымның нәсілшілдерге құйылып кетпеуіне қандай кепілдік бере аласыздар?» десе, тағы біреуі «Мұсылманмын, қан тапсырамын. Қаным мұқтаж болған әркімге. Қызыл крест бөлінушілікке жол бермейді. Айып етпе!» деп жауап берді. Қарша бораған тепкілердің астында қалған Деккер пікірлерді өшірумен әлек болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары