Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

МЕШІТІМІЗДЕ МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
11 тамыз, 2016 жыл 267 Басып шығару нұсқасы

Соңғы жылдары ислам дінін қабылдап, мұсылман атанған өзге дін өкілдері қатарының көбеюі қуантарлық жағдай. Сондай көз қуантарлық жағдайдың бірі Қарағанды облыстық орталық мешітінде болды. "Исламды дінім деп танығым келеді" деген ниетпен мұсылмандықты қабылдауға келген Вероника есімді орыс азаматшасы, "Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (ﷺ) оның елшісі" деп кәлима шәһәдатты айтты. Осылайша орыс ұлтының өкілі Вероника Котельникова Алланы хақ деп танып, ислам дінін қабылдады. Өзінің айтуынша, христиан дінінен бас тартып, тура жолды таңдауға жұбайының таңдауы әсер еткен екен. Айта кету керек, осыдан 2 апта бұрын Верониканың күйеуі Қарағанды облыстық орталық мешітінде мұсылман атанған болатын. Тіпті артынша атын өзгертіп, мұсылманша Холид деген есімді алған. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары