Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ӨЗ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАЛЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ
05 тамыз, 2016 жыл 420 Басып шығару нұсқасы

Тамыз айының 2-ші жұлдызында «Халал Даму» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қаласы бойынша халалдың жауапты өкілі, Алматы қаласы Алатау ауданы Заря Востока мешітінің имамы Елжанов Ануар Ізімбайұлы Қарағанды облыстық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Халал мен харамның мән-мағынасы. Азық-түліктегі күмән туғызатын Е қоспалары» атты тақырыпта ақшам намазынан соң уағыз айтты. Жамағат халал өнімдерін сертификаттау бойынша маман иесінен көптеген ақыл-кеңестер алды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының жергілікті кәсіпкерлерімен кездесу өтіп, кездесу барысында адал өнімнің шарттары мен мағынасы жайлы айтылды. Өз өнімдерін халал стандартына сай шығарамын деп қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстағы «халал» сертификатын алған кәсіпорындар әрдайым тексерістен өтіп тұратындығын білеміз.Осыны негізге ала отырып, Қарағанды облысы бойынша халалдың жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы мен Елжанов Ануар Ізімбайұлы Қарағанды қаласындағы «KFC» жедел әзір болатын тағамдар желісінің екі бөлімшесінде тексеріс жүргізді. Естеріңізге сала кетсек, «KFC» жедел әзір болатын тағамдар желісі «Халал Даму» ЖШС-нің сертификатын алып, ҚМДБ-мен бірлесе отырып жұмыс істеп келеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары