Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұхаммед Маһир Хадри: Құран Кәрімімді 2 миллион долларға сатып алғысы келді, сатпадым!
01 тамыз, 2016 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Ыстамбұл қаласында 1-ші Ыстамбұл Арабша Кітап көрмесі өтуде. Бұл көрмеге «сириялық» құсни-хат жазушысы Мұхаммед Маһир Хадридің жіппен кестеленген ұзындығы – 80, ені 60 сантиметрлік жіппен кестелтенген 12 томдық Құран Кәрімі де қойылды. Жіппен кестеленген бұл Құран Кәрім әлемдегі алғашқы туынды. 19 жыл бойы құсни-хат жазумен айналысатын Мұхаммед Маһир Хадри Құран Кәрімді жазу балалық шағынан бергі арманы екенін және Құран Кәрімді мата үстіне жіппен кестелеп жазуы да өзінің төл туындысы екенін тілге тиек етті.

«Барлық құсни-хат жазушылары қолымен қағаз үстіне жазады. Ал менің мамандығым тігінші болғандықтан Құранның қысқа сүрелерін тігін машинасымен мата үстіне жазып көрдім. Бірнеше рет осылайша жазып тәжірибе жасап көргеннен кейін бұл өнердің қолымнан келетініне көзім жетті. Сөйтіп әрі қарай жалғастыра бердім. Бастапқыда адамдар мені жынды санады. Кейін туындыларым көргендерге ұнай бастады. Осыдан кейін Құран Кәрімді тұтастай мата үстіне кестелеп шығуды шештім», – дейді ол.

Құран Кәрімді матаға кестелеу ісін 2000 жылы бастаған ол барлық аяттарды жазып шығуға 8 жыл кеткенін айтты. Ал безендіру және мұқабасын жасау істерін қосқанда барлығы 12 жылда тамамдаған. Аяттардың дұрыстығын тексеру ісі «сириялық» ғалымдар шейх Ахмет Әнис, Мұстафа Жәлләддин, Мұхаммед Хабәш тарапынан жасалған.

«Бұл жасағаным өнердің жаңа бір саласы. Құран-Кәрімді кестелегенде тігін машинасын қолданбаймын. Машинаның ешбір ерекшелігі жоқ. Тек қана қолдың өнерімен жасадым», – дейді ол.

Хадридің бұл өнер туындысын сатып алғысы келгендер де болған. «Туындымды бір бизнесмен 2 миллион долларға сатып алғысы келді. Ниеті сауда болғандығы үшін сатпадым. Оның орнына туындымды өнеріме құрмет көрсеткен жақсы бір мұсылман алып, мұражайға халықтың назарына ұсынғанын қалаймын. Бұл ақша емес, көңіл ісі. Түркия өнер жәдігерлерін сақтай білген бір мемлекет. Сондықтан да төл туындымның Топкапы сарайының Ислами жәдігерлер мұражайында сақталғанын қатты қалаймын», – дейді ол.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары