Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
23 шілде, 2016 жыл 328 Басып шығару нұсқасы

Шілде айының 22-ші жұлдызында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы мен ҚМБД-ның Қарағанды облыстық орталық мешіті жастар ісі бөлімі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылып, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.

Ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоюға арналған брифингке мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар және белсенді жастар қатысты. Брифингтің алғы сөзін Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Құттыбай Мирас Жанатбекұлы ашты. Өз сөзінде Мирас Жанатбекұлы «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тегіміз -түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек деген. XIV ғасырдан бастау алған ислам діні татулық пен бейбітшілікті насихаттап келеді. Өз кезегінде, қоғамдық ортада террористік және экстремистік белгілермен күрестің маңызда бағыты болып, оның алдын алу шаралары  саналады. Осыған орай,  Меморандумды жүзеге асыру аясында жастар арасында діни қарым-қатынас саласында ахуалды зерттеу бойынша сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу, оның діни бағдар тұрғысынан «қазіргі заманғы жас азамат» портретін құру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқитын жас азаматтарды қоршаған орта шындығына саналы қарым-қатынаспен және радикалды діни идеологияны сыни қабылдау үшін дін жөнінде қажетті білім көлемімен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланды. Сол себепті бұл меморандум біз үшін аса маңызды болып табылмақ. Жалпы, бүгінгі күні қабылданған Меморандум, жастар арасында жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейтуге жаңа серпін беретініне сенемін»,-деді. Сөз кезегін Қарағанды облыстық орталық мешіті жастар ісі бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жалғастырды. Нұржігіт Оразалыұлы мұндай игі бастаманың болашақта жастар үшін ашар мүмкіндіктері зор екендігін айтып, алдағы уақытта бірлесе отырып атқаратын іс-шаралардың ауқымды болатындығын баяндады.

Жалпы, меморандумның мақсаты: жастарға дәстүрлі діни сана сезімді және радикалды идеологияға қарсы мықты «иммунитетті» қалыптастыруға бағытталған діни экстремизмнің алдын алу бойынша кешенді шараларды жетілдіру болып саналады. Қазіргі таңда террористік әрекеттердің жастар арасында көптеп орын алуы жастардың діни сауаттылығының төмен екендігін көрсетуде. Сол себепті жастар саясаты жөніндегі бұл екі жақты келісім болашақта үлкен бастамаларға жол ашып, келешек жастардың діни тұрғыда жан-жақты сауатты болуына өз үлесін қоспақ.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары