Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРҚАРЛЫДА ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС
10 шілде, 2016 жыл 283 Басып шығару нұсқасы

Шілде айының 8-ші жұлдызы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дәстүрлі дінді насихаттау мақсатында семинар өтті. Семинарға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің ұстазы, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы, «Нұрлы білім» ҚБ-нің төрағасы, РАНТ мүшесі Рүстем Сыздықов, Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы, қала, аудан, ауыл имамдары, сот қызметкерлері, ұстаздар, дәрігерлер, орманды қорғаушылар секілді мемлекеттік қызметкерлердің барлығы қатысты. Семинардың алғы сөзін Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастады. Өкіл имам отбасы тәрбиесіндегі ислам дінінің орны жайлы айтып, «дінді насихаттауды әуелі әркім өз отбасынан бастаған жөн. Балаларға кішкентай кезінен бастап, дәстүрлі дініміз жайлы дұрыс мәлімет берсек, бүгінгі күні белең алған адасушылық азаяр еді. Адасып жүрген азаматтарымыздың көбі кезінде дәстүрлі дініміз жайлы дұрыс мәлімет білмегендіктен жат ағымға бет бұрған. Отанның отбасынан бастау алатынын ұмытпағанымыз абзал» деді өз сөзінде. Өкіл имамнан соң, сөз кезегін РАНТ мүшелері Ризабек Батталұлы мен Рүстем Сыздықов жалғастырды. Семинар барысында қоғамда қауырт дамыған радикалды діни ағымдар мен лаңкестік әрекеттер жөнінде айтылды. Сондай-ақ, дәстүрлі ислам дінін халыққа дұрыс жеткізумен қатар, жастардың дәстүрлі дін жайлы білімін  арттыру қажеттігі турасында сөз қозғалды.  Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – дәстүрлі дінді халыққа дұрыс насихаттап, бүгінгі күні өршіген радикалдық діни ағымдардан дәстүрлі дінімізді қарапайым халық ажырата алуы үшін діни сауаттылықты арттыру мәселесі баса назарға алынды. Өскелең ұрпаққа ұлттық салтымыз бен дәстүрлі дініміздің ұштасып жатқандығын көрсете білуіміз керек. Семинар соңында Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы сөз алып, келген қонақтар мен қатысушыларға әкімнің ыстық ықыласын жеткізіп, өз ілтипатын білдірді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары