Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
04 шілде, 2016 жыл 442 Басып шығару нұсқасы

Кеше Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан жамағатқа «Берекелі Рамазан» атты дастархан жайылып,  200- ден астам адамға ауызашар берілді. Ауызашарды Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ашып берді. Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз сөзінде жамағатқа қасиетті Рамазан айының аяқталуына санаулы ғана күндер қалғанын айтып, «біз бұл Рамазанда қандай игі істер атқардық?  не істедік? нені істеп үлгермедік» деген секілді сауалдар қойып, берекелі Рамазан айында мешітте атқарылған іс-шаралар туралы қорытындылап айтып өтті. Ауызашар соңын қари Құран оқып, жамағат ел мен жердің амандығын тілеп дұға жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары