Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЗАШАР БЕРДІ
04 шілде, 2016 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков мешіт жамағатына ауызашар дастарханын жайды. Ауызашарда зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, қажылар, мешіт жамағаты мен басқа да ораза ұстаған жандар болды.Қарағанды облыстық орталық мешіт асхасында өткен ауызашарға 250-ден астам адам қатысты. Ауызашар дастарханында алғаш болып, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа сөз сөйледі. Халықты ауызбіршілік пен бейбітшілікке үндеген Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қадір түнінің қасиеті жайлы да айтып өтті. Сөз тізгінін облыс әкімі  Нұрмұхамбет Қанапияұлы алып, барша мұсылман қауымының қасиетті Рамазанда ұстаған оразасы мен дұға-тілектері қабыл болып, Қадір түніндегі құлшылықтардың сауаптан жазуын тіледі. Ауызашар соңында Құран оқылып, егемен еліміздің тыныштығы мен баянды бірлігі үшін дұға жасалынды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары