Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«АҚЫЛДЫ» ҚОҚЫС САЛАТЫН ЖӘШІК ПАЙДА БОЛДЫ
28 маусым, 2016 жыл 502 Басып шығару нұсқасы

Біріккен Араб Әмірлігінде «ақылды» деп аталатын қоқыс жәшігі пайда болды. Ол тек қоқыс тастайтын жәшік емес, сонымен қатар, ақпарат орталығы ретінде де қызмет көрсетеді. Әрбір «ақылды» қоқыс жәшігіне сымсыз ғаламтор роутері қойылған. Бұған қоса, бұл құрылғы жанына жақындаған адамның есіне қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін салып отырады. Аталған жәшік күн батареясымен жұмыс істейді. Тағы бір артықшылығы: әдеттегі қоқыс жәшігіне қарағанда бес есе қоқыс сидыра алады. Өйткені, ол арнайы ішіне түскен қоқысты сол сәтінде жаншып отырады. Қоқыс толған сәтте қызмет бригадасына өз беТінше белгі жібереді. Мұндай қоқыс жәшіктері негізінен Дубай, Әбу-Даби және Шарж қалаларының туристер көп жүретін орындары мен спорттық нысандарға қойылады. Ал тұтас ел аумағына алдағы бес жылдың ішінде орнатуды көздеп отыр.

islam.kz 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары