Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РАМАЗАН - ТЕМЕКІ ТАСТАУҒА ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК
25 маусым, 2016 жыл 307 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айы бойы Сауд Арабия Корольдігінде "Hello Рамадан!" жедел телефон желісі жұмыс істеуде. Ораза кезінде денсаулығына байланысты қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда, осы тікелей байланысқа шығып, мамандардан кеңес ала алады. Соның ішінде дәрігерлер Рамазан айында темекі тартуды қойғысы келгендерге жәрдемдеседі. Мұнымен қоса Саудияның көптеген клиникаларында осы бір өлімге дейін апаратын жаман әдеттен арылғысы келгендерді тегін қабылдайды.  

«Қасиетті Рамазан – темекіні тастауға таптырмас мүмкіндік», – дейді Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының бірі дәрігер Джамаль Абдалла әл-Бази.

Айта кету керек, Сауд Арабияда 7 миллион адам  шылым шегеді, оның 1,1 миллионы – әйелдер. Корольдік әлем бойынша темекі көп тартатын елдер арасында 29-орында. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары