Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РАМАЗАНМЕН ҚҰТТЫҚТАҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ «АУРУ» БОЛЫП ШЫҚТЫ
22 маусым, 2016 жыл 151 Басып шығару нұсқасы

АҚШ-тың саясаткерлері отқа май құйып, исламофобияны өршітіп жатқанда, кейбір христиан шіркеулері мұсылмандарға қолдау білдіруде.

Пенсильвания штаты, Далластаун қаласында орналасқан Христ Біріккен шіркеуінің ауласында «Мұсылман көршілерімізге Рамазан берекелі болсын деп тілейміз» деген сары тақтайша көпшіліктің назарынан тыс қалмады. «Біз осылайша исламға, мұсылмандарға деген құрметімізді білдіргіміз келді. », –дейді Кристофер Родки пастор. Сары тақтайшадағы жазу ел арасында тез тарап кетіп, кейбіреулер Родкиды «ауру» деп, оның бұл іс әрекетінің жиіркенішті екенін жарыса айтып жатты. Ашуларына қатты тигендер, Родкидің поштасына дауыс хабарламаларын да қалдырып жатыр.

Мұндай исламофобиялық айыптаулар шіркеу қызметкерін райынан қайтара алмады. Мұсылмандарды құттықтаған сары тақтайша әлі де шіркеу алдында тұр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары