Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ФАРИД ХАФЫЗ: «ИСЛАМОФОБИЯ МҰСЫЛМАНДАРҒА ҒАНА ЕМЕС, БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ҚАУІПТІ»
21 маусым, 2016 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Саясат, экономика және қоғам зерттеулері қоры (SETA) тарапынан жарияланған «2015 Еуропа Исламофобия Есебінің» таныстырылымы Аустрия астанасы Венада өтті. Еуропалық Одақ штабында өткен бұл отырыста SETA Еуропа зерттеулері директоры Енес Байраклы есептің Еуропада 25 мемлекетте 37 ғалымның Исламофобияға қатысты жасаған жұмыстарын негізге алып дайындалғанын тілге тиек етті. «Еуропа елдерінде Исламофобияға қатысты үлкен бір проблема бар алайда бұл проблемаға қатысты зерттеу жұмыстары өте аз. Әсіресе, жылдық есептер жоқтың қасы десек те болады. Біздің жасаған есептің маңыздылығы барлық мемлекеттерді жеке-жеке зерттеп жылдық бір есеп дайындап, Исламофобияның деңгейін анықтау. Есепті тек жариялап қою жеткіліксіз, сондай-ақ, оны танытып, құзырлы орындарға жеткізуіміз де керек», – деді Енес Байраклы.

Сальцбург университетінің Саясат ғылымдары бөлімінің оқыту мүшесі доктор Фарид Хафыз Мұсылмандарға қарсы шабуылдың үнемі артып келе жатқанын тілге тиек етіп: «Исламофобия тек мұсылмандарға ғана қарсы қауіп емес, сондай-ақ бүкіл әлем қоғамына да қауіпті. Сол себепті құрбандар тек қана мұсылмандар ғана емес, сондай-ақ құрбандар бүтін қоғамның бір бөлшегі», – деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары