Сауд Арабиясында әлеуметтік желіде әйеліне тіл тигізген ер адамды, 15 күнге түрмеге тоғыту туралы шешім қабылдады.
Қала соты Хафр әл-Батин саудялыққа қатысты қылмыстық істі қарап шықты. Бастапқыда ол өзінің кінәсін жасырып баққан, бірақ телекоммуникация операторы сотталушының парақшасындағы жазбалардың тізбегін алдына алып шыққанда мойындауға тура келеді.
Сот оны 15 күн бойы түрмеге жабуға және 70 рет ел алдында дүре соғуға шешім шығарды, -деп хабарлайды IslamNews, Gulf Digital News сайтына сілтеме көрсете отыра. Алайда, кейін айыпталушы ғаламтордағы іс-әрекетті реттейтін заңды пайдасына асырып, апелляциялық сотпен өзіне тағылған айыптан құтылып кетті.
Пікірлер