Мекке және Медине қалаларында туризм және ұлттық мұра комиссиясы ойын-сауық телеарналарына тыйым салды. Мұндай шектеу Рамазан айы бойы жалғасады. Сонымен қатар қасиетті саналған екі қаланың қонақүйлерінде де көңіл көтеретін, әуен тыңдайтын арналар көрсетілмейді. Бұл – барша мұсылманға қасиетті саналған Рамазанға деген құрмет.
Шектеуге құлақ аспағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл төлейді, болмай бара жатқан жағдайда қонақүйді жауып тастауы да мүмкін. Кімнің орындап, орындамағанын арнайы құрылған комиссия мүшелері бақылап отыратын болады.
Пікірлер