Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Анасының ұйқысы бөлінбесін деп оятқышты көрпе жасады
14 маусым, 2016 жыл 387 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Сивас қаласындағы Мәулана орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы Жемре Шахин түнде бауырының үсті ашық қалып-қалмағанына алаңдап түн ұйқысын төрт бөлген анасы үшін оятқышты көрпе жасап шықты.

Бұның алдында Жемре Шахин сырттан сатып алған сүт пен сүт өнімдерін қолданып, бруцеллез ауруына шалдыққан анасы үшін үйде ірімшік жасайтын құрылғы ойлап тапқан болатын. Бұл құрылғысымен 5-ші Халықаралық балалар конгресіне жолдама ұтып алған. Енді міне анасының денсаулығын ойлап, тағы да бір жаңа жоба ойлап тапты.

Отбасындағы екі баланың үлкені болған Жемре бес жасындағы бауыры Юнус Емренің түнде көрпесі ашылып қалмады ма деп ұйқысы қайта-қайта бөлінген, ұйықтап қалып, балам тоңып қалар ме екен деп тіпті кейбір дәрі-дәрмегін ішпеген анасы үшін жаны ашып осындай оятқышты көрпе ойлап шығады.

Ол бауырының көрпесіне магнит, ал төсегіне электр жүйесін орнатқан екен. Юнус Емре көрпесін ашып тастағанда бір-бірінен алшақтаған магнит пен электр жүйесі анасы Самияның бөлмесіне құрылған жарықты және дауысты оятқыш жүйесін іске қосады. Міне, осылайша анасы да баласының үсті ашылып қалғанын біледі.

Қызы Жемренің құрған бұл жүйесінің аясында анасы алаңдап, енді қайта-қайта оянбайтын болды. Дәрі-дәрмегін де жүйелі қабылдап, ұйқысы да қалыпты жағдайға келді.

Құрылғыға бар-жоғы 30 лира ғана (шамамен 3 мың 500 теңге) шығын кеткен.

«Анам бұдан былай дәрі-дәрмектерін дұрыс ішіп жүре алатын болды. Анам үшін пайдалы бір жоба жасадым деп ойлаймын. Анам да бұған қатты қуанды. Түнде де алаңсыз ұйықтайтын болды. Себебі, енді қайта-қайта алаңдап бауырымның көрпесін қарамайтын болады. Бауырым көрпесін ашып тастағанда анамның бөлмесінде жарық жанып, қоңырау шалынады. Анам сол кезде ғана оянып, бауырымның көрпесін жабатын болады», – дейді анасы үшін бір пайдалы дүние ойлап тапқанына қуанып.  

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары