Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚЫЗТЕКЕЛЕРГЕ ОҚ ЖАУДЫРДЫ
14 маусым, 2016 жыл 473 Басып шығару нұсқасы

Орландо қаласындағы Pulse қызтеке клубында орын алған атыс кезінде 50 адам қаза тапты, - деп хабарлайды қаланың билік өкілдері.

Тағы 53 адам ауруханада жатыр. Полицейлер куәгерлерден қандай да бір ақпарат білетін болса, бірден хабар беруді сұрады. 

Атқан адамның есімі белгілі болды ол – Омар Матин, расталмаған хабарға сәйкес оның ата-анасының шығу тегі – ауғандық. Матиннің әкесі Мир Седдик NBC-ге берген сұхбатында баласының әрекетінің дінге қатысы жоқ екенін айтты. Ол  гомосексуалдарға қатты ашынғандықтан осындай қатыгездікке барып отыр дейді.  Жас жігіт полицейлермен атыс кезінде оққа ұшты. АҚШ президенті Барак Обама оқиға туралы хабардар болды. Ақ үй федералдық құқық қорғау органдарына тергеу жүргізуді тапсырды. Қылмыскердің исламшыл ұйымдармен байланысы бар-жоғы тексерілетін болады.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары