Палистиналық Жанна Джихад Айяд әлемдегі ең жас журналист. Ол небәрі 7 жасында Израильдің құрсауындағы Палестинаның өмірін баланың көзімен суреттейтін алғашқы фотосын түсірген. «Мен Батыс жағалауында не болып жатқанын бар әлемге көрсеткім келеді», – дейді жас журналист. Жанна анасының қалта телефонына Израиль солдаттарының палестиналық балаларды қалай қинайтынын, үйінен алыс емес жерде өтіп жатқан наразылық шеру мен адамдарды қалай ұстап алып кететінін жазып үлгерген.
Сонымен қатар ол Facebook желісінің белсенді қолданушысы. «Менің камерам кез-келген қарудан күшті», - деп өз ойымен бөлісті ол.
Болашақта Жанна журналистика мамандығы бойынша Гарвардта білім алып, CNN, Fox News –те жұмыс істегісі келеді. Ондағы мақсат – ірі ақпарат агенттіктерін Палестина жайында үн қаттыру.
Пікірлер